Қпараттық жүйе жасақтаудың теориялық негіздері



Скачать 40.29 Kb.
страница2/5
Дата10.01.2018
Размер40.29 Kb.
Название файла555.docx
1   2   3   4   5
Ақпараттық жүйе – қойылған мақсатқа жету үшін ақпараттарды сақтау, өңдеу және беруге пайдаланатын әдістер мен қызметші әдістердің өзара байланысқан жиынтығы.

АЖ компоненті құрамына берілген мақсатты зерттеуге қажетті программалық жабдықтар (ПЖ), программалық-техникалық кешен (ПТК), АЖ программалық өнім, автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) енеді.

Ақпараттық жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін процестерді схема (сурет 2) түрінде көрсетуге болады, олар бірнеше блоктардан тұрады:

Сурет 2.Ақпараттық жүйелердегі процестер


80-ші жылдарда АЖ ақпаратты сақтау және өңдеуге арналған нысан болып саналса, жиырма жылдан соң АЖ орнына «ақпараттық технологиялар» (АТ) термині қолданыла бастады. Ал 2009 жылдан бастап оның орнына «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (АКТ) термині қолданысқа енді.

АЖ анықтамалары өте көп. Соның бірі – АЖ «пәндік облыстағы функционалдық тапсырмаларды шешуге арналған процестерді, ақпараттық, материалдық және қаржы ағындарын басқару әдістерінің жиынтығы» [58]. АЖ келесі құрама бөліктердің жиынтығы:


  • МҚБЖ бірге қарастырылған МҚ жүйесі;

  • қолданбалы ПЖ;

  • персонал;

  • ұйымдастырушылық-әдістемелік (нормативтік) қамту;

техникалық құралдар.

Ақпараттық жүйенің қасиеттері: кез келген ақпараттық жүйені анализдеу, құру және жүйені құрудың жалпы принциптері негізінде басқарылуы мүмкін; ақпараттық жүйе динамикалық және дамыған болып табылады; ақпараттық жүйені құру кезінде жүйелік үйлесімді пайдалану қажет;ақпараттық жүйенің өнімі ақпарат болып табылады.

Қазіргі уақытта ақпараттық жүйені компьютерлік техника көмегімен дамыды деген ой қалыптасты.

Ақпараттық жүйе жұмысын түсіну үшін оларды шешетін мәселелердің мән-мағынасын, сонымен қатар өндірістік процестерді түсіну қажет.

Кез келген жүйе құрамындағы элементтерімен, қызмет бағытымен анықталады, олар мәселені анықтауға, стратегиялық жоспарлауға және жаңа өнім жасақтауға көмектеседі (кесте 1).

Кесте 1. - Жүйенің жіктелуі


Компьютерлер мен ақпараттық жүйелердің айырмашылығын қарастырсақ, арнайы мамандандырылған программалық жабдықтармен қамтылған компьютерлер, ақпараттық жүйелердің техникалық базасы мен құралы болып табылады. Ал ақпараттық жүйелерді оның миссиясын, міндетін, құрылысын, инфрақұрылымын, конфигурациясын, телекоммуникация құралдарын мен компьютермен тікелей жұмыс жасайтын қызметкерді анықтамай елестету мүмкін емес.

Ақпараттық жүйені енгізу арқылы математикалық әдістер мен интеллектуалды жүйелер және т.б. енгізу кезінде есептерді шешудің тиімді нұсқаларын алу;оны автоматтандыру негізінде ауыр жұмыстардан жұмысшыларды босату;ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету;мәліметтерді қағаз түріндегі мәліметті магниттік тасымалдаушыларға ауыстыру арқылы компьютерде ақпаратты тиімді өңдеу мен қағаз құжаттары көлемін азайту;құжат айналымы жүйесін жетілдіру;өнімдер мен қызметтерге жұмсалатын шығындарды азайту;біртектес қызметтерді тұтынушыларға беру.

Ақпараттық жүйелердің барлығына дерлік көп аспектілік, көп функциялық, қолдану салаларының әртүрлі болуы тән. Сондықтан да ақпараттық жүйелерді жіктеу күрделі үрдіс. Жіктеу кім қандай мақсатта осы үрдісті жүргізетіндігімен сипатталады.

Басқару жүйесінде ақпараттық процестерді автоматтандыру дәрежесіне қатысты АЖ қолмен жасалған, автоматтық, автоматтандырылған деп анықталады. Қолмен жасалған АЖ ақпаратты қайта өңдеудің техникалық құралдарының және адаммен орындалатын барлық операциялардың жоқтығымен сипатталады. Автоматтық АЖ адамның қатысуынсыз ақпараттарды қайта өңдеу бойынша барлық операцияларды орындайды.Автоматтандырылған АЖ ақпарат пен адамды және техникалық құралдарды өңдеу процесіне қатысуды болжайды, мұнда басты роль компьютерге негізделген. Қазіргі «ақпараттық жүйе» терминін талқылағанда автоматтандырылған жүйе түсінігі айтылады.

Басқару процесін ұйымдастыруда олардың кең пайдалануын ескере отырып, автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің әртүрлі боп жіктелуі 6-суретте берілген.

Сурет 3. - Әртүрлі белгілері бойынша ақпараттық жүйелердің жіктелуі

Ақпаратты пайдалану сипаты бойынша жіктесек, ақпараттық-іздеушілік жүйелер (сурет 3) енгізуді, жүйелендіруді, сақтауды, мәліметтердің қайта өңделуін тұтынушы сұранысы бойынша ақпаратты беруді өндіреді. Мысалы, кітапхана, билеттер сататын темір жолдар мен авиа кассаларда ақпараттық-іздеушілік жүйелер.



Ақпараттық-шешуші жүйелер қандай да бір алгоритм бойынша ақпаратты қайта өңдеудің барлық операцияларын жүзеге асырады. Оларда шешім қабылдау процесінде нәтижелі ақпараттың іс-әрекет дәрежесі бойынша классификация жүргізуге және екі класты бөліп қарастыруға болады: басқармалы және кеңесші. Басқармалы ақпараттық жүйелер адамның шешім қабылдауына негізделген ақпаратты өндіреді. Кеңесші ақпараттық жүйелер адамның мағлұматына алынады және нақты іс-әрекет сериясына айналмайды. Бұл жүйелер интеллекттің жоғарғы дәрежесіне ие болады.

Қолдану сферасы бойынша жіктесек, өндірістік басқарудың ақпараттық жүйелері (сурет 3) басқарушы қызметшілердің функцияларын автоматтандыру үшін арналған. Жүйенің бұл класының кең қолданылуы мен әртүрлілігін ескере отырып, жиі кез келген ақпараттық жүйелер берілген талқылауда түсініледі. Бұл класқа өнеркәсіптік фирмалар, өнеркәсіптік емес объектілер: қонақ үйлер, банктер, сауда фирмалары мен т.б. ретінде басқарудың ақпараттық жүйелері жатады. Осы жүйелердің негізгі функциялары: оперативті бақылау және реттеу, оперативті есеп және анализ, перспективалы және оперативті жобалау, бухгалтерлік есеп және т.б. экономикалық-өндірістік есептер.

Технологиялық процестерді (ТП) басқарудың ақпараттық жүйелеріөндірістік қызметшілер функциясын автоматтандыру үшін қызмет етеді. Олар металлургиялық және машина жасайтын өндірістердегі технологиялық процестерді қолдау үшін ұйымдастыру кезінде кең пайдаланылады.

Автоматтандырылған жобалаудың ақпараттық жүйелері жаңа техника немесе технология құру кезінде инженер-жобалаушылар, конструкторлар, архитекторлар, дизайнерлер функциясын автоматтандыру үшін арналған. Осындай жүйелердің негізгі функциялары болып мыналар табылады: инженерлік есептер, графикалық құжатнама құру (сызбалар, схемалар, жобалар), жобалық құжатнамаларды құру, жобаланатын объектілерді модельдеу.

Интегралданған (корпоративті) ақпараттық жүйелер ұйымның барлық функцияларын автоматтандыру үшін пайдаланылады және өнімді жобалаудан бастап, өткізуге дейінгі жұмыстың барлық циклін қамтиды. Бұл мекеменің құрылымын өзгертуге әкелуі мүмкін, бұған кез келген басқарушы бара алмайды.

Өңделетін ақпарат түріне байланысты құжаттық және фактографиялық АЖ болып бөлінеді. Құжаттық АЖ мәтін немесе графикалық құжаттардағы құрылымдалмаған ақпаратты (кітап, мақала, бұйрық т.б.) іздеуге бағытталса, фактографиялық АЖ мәліметтердің формальданған жазбалары жиынтығы түрінде берілген нақты мәліметтерге сүйенеді. Олар МҚБЖ арқылы ақпаратты енгізу, өңдеу, топтау, сақтау операцияларын орындайды.

АЖ қолданылатын саласына байланысты және басқару деңгейіне байланысты мемлекеттік, аймақтық, офистік, жеке болып та бөлінеді.



Атқаратын жұмысына қарай есептеуіш және ақпараттық (басқару) болып таралады.

Кесте 2. - Ақпараттық технологияның жіктелуі




Автоматтандырылған ақпараттық жүйе ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат, экономикалық – математикалық модельдер мен әдістер, техникалық, программалық, технологиялық құралдар мен мамандар жиынын білдіреді.

Сонымен, ақпараттық жүйе техникалық көзқараспен қарағанда, шешім қабылдауды қолдайтын және мекемені басқаруда пайдаланылатын ақпаратты жинайтын, өңдейтін, сақтайтын және тарататын өзарабайланысқан компоненттер шоғыры ретінде анықталады.

АЖ кез келген құрылымы екі өзара байланысты бөліктерден құралуы мүмкін:


  • функционалды бөлік, қолданбалы облыстың функцияларын жүзеге асыратын қолданбалы программалар;

  • орта немесе жүйе бөлігі, қолданбалы программаның орындалуын қамтамасыз етеді.

Осыған орай стандарттаудың екі сұрағы тікелей байланысты:

  • АЖ ортасы қолданбалы программалары өзара әрекеті интерфейстерінің, қолданбалы программалар интерфейсі стандарттары (Application Program Interface — API);

  • АЖ сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасы интерфейсі стандарттары (External Environment Interface — EEI).

Интерфейстердің екі тобы АЖ ортасының сыртқы сипатының ерекшеліктерін – пайдаланушы, АЖ жобалаушы көзқарастарымен архитектурасын анықтайды.

АЖ ортасы сыртқы интерфейсі ерекшеліктері сол ортаның компоненттері арасындағы өзара қарым-қатынас ерекшеліктерімен анықталады — бұл берілген интерфейс үшін қажетті барлық функциялар, қызметтер және форматтардың нақты сипаттамасы. Мұндай сипаттамалардың жиынтығы ашық жүйелердің эталондық моделін құрайды (Reference Open System Model).

Бұл модель IBM компаниясымен 1974 жылы ұсынылып 20 жылдан бері желілік жүйелік архитектурамен (SNA) анықталады. Ол есептеуіш ортаның өзара қарым-қатынастары сәйкес стандарттармен сипатталған жеті деңгейге бөлінуіне сүйенеді және әрқайсысының құрылымы деңгейге тәуелсіз жүзеге асырылады (сурет 4).

Сурет 4. - АЖ өзара қарым-қатынасының жетідеңгейлік моделі

АЖ моделін құру үшін компоненттерінің функционалды топтарын – пайдаланушыларды, функцияларды, мәліметтерді, коммуникацияны анықтау қажет. Бұл АЖ пайдалану сатыларында бірге жүріп отырады, жобалаудың мөлдірлігін қамтиды, жүйе жасақтау мен жоба құжаттаудың стандарттарын таңдауға негіз болады.



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5


База данных защищена авторским правом ©coolnew.ru 2019
обратиться к администрации

    Главная страница
Контрольная работа
Курсовая работа
Теоретические основы
Лабораторная работа
Методические указания
Общая характеристика
Рабочая программа
Теоретические аспекты
Пояснительная записка
Методические рекомендации
Практическая работа
Дипломная работа
Федеральное государственное
История развития
Основная часть
Общие сведения
Учебное пособие
Теоретическая часть
государственное бюджетное
Направление подготовки
Самостоятельная работа
Физическая культура
Методическая разработка
Практическое задание
Краткая характеристика
История возникновения
Выпускная квалификационная
квалификационная работа
государственное образовательное
бюджетное учреждение
Гражданское право
Название дисциплины
Российская академия
Общие положения
образовательное бюджетное
Современное состояние
прохождении учебной
история возникновения
образовательная организация
теоретические основы
Понятие сущность
Уголовное право
Общая часть
Правовое регулирование
Техническое задание
Методическое пособие
Фамилия студента
Финансовое планирование
Финансовое право
Российская федерация
Конституционное право