Күшейту процесі, қоректену көзінің энергиясын күшейткіштің сыртқы сигналының энергиясына түрлендіру болып табылады



Скачать 399.04 Kb.
страница1/4
Дата28.11.2018
Размер399.04 Kb.
Название файларефер1.docx
  1   2   3   4

Кіріспе

Күшейту процесі, қоректену көзінің энергиясын күшейткіштің сыртқы сигналының энергиясына түрлендіру болып табылады. Бұл процесті басқару күшейткіш элементіне немесе транзисторға әсер  ететін кірме сигнал арқылы жүргізіледі. Шығыс сигнал кіріс сигналдың функциясы болып табылады, сонымен қатар шығыс күшейтілген синалдың қуаты, кіріс күшейтілген сигналдың қуатынан қректену көзінің арқасында, әлдеқайда артық.

Электронды аспаптардың эффективтілігі жоғары жылдам әрекеттерімен және оның құрамына кіретін элементтердің сезгіштігімен, дәлдігімен, олардың ең маңыздысы электронды аспаптар болып табылады. Осы аспаптардың көмегімен салыстырмалы түрде қарапайым және көптеген жағдайда жоғары ПӘК электр энергиясын тоқтың немесе кернеудің түрінде, жиілік немесе бір шама түрінде түрлендіруге болады.

Қазіргі жағдайда ғылыми-техниканың дамуы, ол электрондық техниканы негізге ала отырып, толық автоматтандырылған өндіріске көшу болып отыр.



1. Күшейткіш
Әр түрлі технологиялық қондырғыларда өнеркәсіптік электрониканың элементтік құраушы бөлігі болып табылатын күшейіткіштер кеңінен қолданылады. Күшейткіштер деп кірмесіне әлсіз электрлік сигнал беру арқылы шықпасында оның өзгеру зандылығын қайталайтын және одан әлдеқайда қуатты сигнал алуға болатын құрылғыларды айтады. Күшейтетін параметріне қарай күшейткіштер кернеулік, токтық және қуаттық болып бөлінеді. Өте әлсіз сигналдарды күшейту үшін бірнеше күшейткіштік сатыдан тұратын күшейткіштер қолданылады. Бір сатылы күшейткіш күшейткіштік каскад деп аталынады. Қазіргі кернеулік күшейткіштер кернеуі 10-7 В әлсіз сигналдарды күшейтуге мүмкіндік береді

Вакуумдыhкүшейткіш -жетеккеnhқосымша күш беретінjнемесе құралдарға іштен жану козғағышының енгізу коллекторын  пайдалану арқылы жұмыс істейтін күшейткіш.

Гидравликалық күшейткіш - жетекке косымша күш беретін немесе құралға сұйық қысым энергиясы арқылы басқаратын күшейткіш.

Магнето күшейткіш - іштен жану қозғағышын қолмен оталдырғанда роторының  бұрыштық жылдамдығының артыратын серіппелі құрылыс.

Механикалық күшейткішке-жетекке компрессордан сығылған серіппе энергиясы арқылы күш беретін күшейткіш

Пневматикалық күшейткіш - жетекке компрессордан сығылған ауа қысым энергиясы арқылы қосымша күш беретін күшейткіш.

Рөлдік күшейткіші - рөлмен басқару жетегіндегі күшейткіш.

Тежегіштердің күшейткіші - тежегіш жетегіндегі күшейткіш

Механикалық күшейткішке-жетекке компрессордан сығылған серіппе энергиясы арқылы күш беретін күшейткіш

Күшейткіштің сипаттамалары. Амплитудалы-жиіліктік сипаттама (АЖС). Күшейту коэффициентінің жиілікке тәуелділігін күшейткіштің
амплитудалы – жиіліктік сипаттамасы деп атайды. Күшейткіштің жұмыс жиіліктерінің диапазоны деп төменгі жұмыс жиілігі fт-ден жоғарғы жұмыс жиілігі fж – гe дейінгі шектерде жатқан, коэффициенті берілген шамадан көп өзгермейтін, жиілік жолағын (аралығын) айтады.

Күшейту коэффициентінің максималды мәні К0 әдетте күшейткіштің өткізу жолағының орта жилігіне f0 -ге сәйкес келеді. Ал, шекті төменгі жиілік ft мен шекті жоғарғы жиілік fж ретінде күшейту коэффициенті Ко-дің 0.707 Ко шамаға дейін кішірейген мәніне дәл келетін жиіліктер мәні алынады.



Күшейткіштің күшейту коэффициентінің төменгі және жоғарғы шекті жиіліктерде кішіреюін жиіліктік бұрмалау деп атайды.

Іс жүзінде колданылатын күшейткіштерде шығыс кернеу әрқашанда кіріс кернеуден түрі бойынша айырмасы болады. Шығыс кернеудің қандай да болмасын түрінің өзгеруін, күшейткіш арқылы болатын бұрмалаулар деп атайды. Сызықтық емес және сызықтық бұрмалаулар бар. Сызықтық емес бұрмалаулар деп күшейткіш элементтің (транзистордың) вольт-амперлік сипаттамасының түзу сызықты еместігінен, шығыс сигналда жаңа гармоникалық құрамалардың пайда болуынан туатын шығыс кернеудің түрінің өзгеруін айтады. Сызықтық емес бұрмалаулар шығыс сигналдың түрінің гармоникалықтан айырмашылығын сипаттайтын КГ -гармоника коэффициентімен бағаланады. Бұл коэффициент күшейткіштің шығыс сигналының біріншісінен басқа барлық гармоникаларының қосындысының орташа квадраттық шамасының бірінші гармоникалық орташа квадраттық шамасына катынасымен анықталады, яғни:

мүнда: , —күшейткіштің шығысындағы кернеу мен тоқтың і- ші гармоникасының амплитудасы.

Сызықтық бұрмалауларды жиліктікке және фазалыққа бөледі. Шығыс кернеудің, спектрдің жеке гармоникалық. құрастырушыларының салыстырмалы шамаларының өзгеруінен туатын, түрінің езгеруін жиіліктік бұрмалау деп атайды. Бұл бұрмалауды жиіліктік бұрмалау коэффициентімен бағалайды, яғни M= мұнда: - орта жиіліктегі күшейту коэффициенті, К - берілген жиіліктегі күшейту коэффициенті.

Фазалык, бұрмалау деп жеке гармоникалық құрастырушылардың уақыты бойынша әр түрлі жылжуының нәтижесінде туатын шығыс кернеудің түрінің өзгеруін айтады. Күшейткіштің беретін фазалық бұрмалауын оның фазалық сипаттамасы арқылы бағалайды.

Фазалы - жиіліктік сипаттама деп күшейткіштің шығыс және кіріс кернеулерінің арасындағы жылжу фазасындағы бұрышы φ мен жиіліктің арасындағы тәуелділік.



Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4


База данных защищена авторским правом ©coolnew.ru 2017
обратиться к администрации

    Главная страница
Контрольная работа
Курсовая работа
Теоретические основы
Общая характеристика
Лабораторная работа
Теоретические аспекты
Методические указания
Дипломная работа
Федеральное государственное
Пояснительная записка
Рабочая программа
Методические рекомендации
Основная часть
История развития
Общие сведения
Практическая работа
государственное бюджетное
Теоретическая часть
Физическая культура
Выпускная квалификационная
квалификационная работа
Краткая характеристика
государственное образовательное
Направление подготовки
Современное состояние
Практическое задание
Российская академия
Методическая разработка
История возникновения
теоретические основы
Самостоятельная работа
образовательное бюджетное
Название дисциплины
бюджетное учреждение
Финансовое планирование
история возникновения
Организация производства
Конституционное право
Правовое регулирование
Теория государства
Общая часть
Учебное пособие
Гражданское право
истории развития
Политические партии
Технология производства
концепции личности
основная часть
Организация работы
прохождении учебной
Антикризисное управление