Кіріспе курстық жұмыс өзектілігі


Екінші тарау. Мінезінде ауытқушылығы бар балаларды қайта тәрбиелеу жұмыстары



страница6/6
Дата27.11.2018
Размер246 Kb.
Название файлакурс 5.docx
1   2   3   4   5   6
Екінші тарау. Мінезінде ауытқушылығы бар балаларды қайта тәрбиелеу жұмыстары.

2.1.Жасөспірім кезеңдегі балалардың даму ерекшеліктеріне сай таным процестерін дамытудың әдіс-тәсілдері.

Әрбір қиын балаға жинақталған мінездемелерді белгілі бір жүйеге келтіріп, оларды қайта тәрбиелеуде және жеке тәрбие жұмыстарын ғылыми тұрғыдан ұйымдастырған жөн. Осы саладағы қайта тәрбиелеу әдістерінің бірі-этикалық әңгімелесу, ол баланы реттеп тануда, тәрбиелеуде және жеке тәрбие жұмыстарында өз ерекшеліктерімен танылуда.

Әңгімелесу – оқу тәрбие процесінде ең қажетті құрал. Оқушының жеке уайым-қайғысы, кейбір моральдық нормаларға жатпайтын іс-әрекеттері, отбасы жағдайындағы ыңғайсыз келіспеушілік қылықтар жайлы этикалық мәселелерді оқушылар коллективі арасында жария етуге болмайды және қиын баланың кейбір қылықтарының себебін, ауыр сезімдер, қайғы-қасіреттерін сынып ұжымы түсінбеуі мүмкін. Осындай жағдайда тәжірибелі педагог баланың басынан өткен оқиғаны және әртүрлі жағдайларды дұрыс түсінуге, болмаса ұжымның обьективті түрде ұғынуға әңгімелесу, сырласу арқылы көздерін жеткізеді.

Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізуге көңіл аударарлық әдіс-олардың бейім – қабілеттерін ескеріп, қоғамдық мәні бар тапсырмалар беру және педагогикалық талаптар қою. Көптеген қиын оқушылардың мінез-құлық стереотиптерін өзгертіп, адамгершілік қасиеттерге бағдар беруде. Олардың психикалық күйлерін, яғни қуанышты эмоциясын пайдалана білсек, мектептегі қызықты, тартымды қоғамдық жұмыстарға белсенді қарастыруға болар еді.

Қайта тәрбиелеу процесінде өз орнын тауып келе жатқан әдіс – педагогикалық иландыру. Педагогикалық иландырудың бір ерекшелігі – қиын баланың психикасына қатты әсер ететіндігін (қатты дауыс шығару, бұйыру, өктемдік білдіру, байкот жариялау т.б. бай Жеткiншектердiң мiнез акцентуациясын анықтау (Шмишек тесті). Мақсаты: Жеткiншектердiң акцентуация көрініс беруін анықтап, оның түрін және күшін бағалау.

Бұл тесті құру негізіне К.Леонгардтың жеке тұлға акцентуациясы туралы тұжырымдамасы алынған. К.Леонгардтың бүл концепциясы бойынша, акцентуация деп барлық адамға тән психикалық қасиеттердің кейбір көрсеткіштері ерекше дамып, шектен шыққанын айтады. Типология жасағанда оны мінез бен темперамент акцентуациясы деп екі түрге бөледі. Шмишек осы теориялық қағидаға сүйене отырып акуцентуация түрін және оның сапалық көрсеткішін анықтау тестін жасаған. Орындау ережесі: Тест 88 сұрақтан тұрады. Оның әрқайсысына зерттелінуші «ия" немесе "жоқ" деп жауап беруге тиіс. Жауаптар 10 шкала бойынша бағаланады. Алдын ала сауалнама буклеті және жауап парағы даярланады. Тесті жүргізу алдында даярланған материалдар әр адамның қолына беріледі де, олар жауап беру тәртібімен таныстырылады. Жауап парақта сұрақ номері, оның тұсында (+) немесе (-) деген белгілір қойылған болады. Зерттелінуші таңдап алған жауап вариантына сөйкес белгі қойып отырады.

Жеткiншектердiң агрессиясын диагностикалау. (Басса-Дарки әдiстемесi)

Мақсаты: бала агрессиясының түрін және оның көрініс беру ерекшелігін анықтау.

Бала агрессиясын зерттеушілер оған әр түрлі анықтама береді. Біреулері ол адамның қоршаған орта құбылыстарынан өзін қорғауға арналған тұқым қуалаушылыққа негізделген қасиет деп көрсетсе (Лоренд, Анри), екіншілері жетекші роль атқаруға бағытталған әрекет (Моррисон) деп түсіндіреді. Агрессияны фрустрация мен байланыстыратын теориялар да бар (Маллер, Дуб, Доллард). Агрессия терминімен жеке тұлғаның субъект-субъекттік қатынаста деструктивтік әрекетке жақындығын белгілейді. Деструктивтік әрекет дегеніміз адамның алдында тұрған бөгетке шабуыл жасап, қиындықты жеңуге деген белсенділігі. Сондықтан агрессияның оң және теріс көріністері бар екенін жақсы түсіну қажет. Мысалы, адам өз өмірін, немесе басқа адамдардың өмірін сақтауға, табыс көзіне төнген қауіпті жоюға бағытталған агрессияны ақтауға болады. Сонымен қатар, ешқандай ақтауға болмайтын агрессия байқалуы мүмкін. Жеткіншек жас кезеңінде себепсіз агрессия, немесе жалған қауіпке бағытталған шабуылшылық орын алуы мүмкін. Бүл құбылыстың түрлерін, себебін, және мөлшерін анықтауға болады. Психолог осы мәселені зерттеп, агрессиясы нормадан тыс дамыған балалармен түзету жұмысын жүргізуі керек.

А.Басс және А,Дарки агрессияны сипаттағанда оны негізгі екі топқа бөледі. Біріншісі - мотивациялық агрессия, осы құбылысты туғызған себеп-сылтаулар. Психолог ең алдымен агрессияның осы түрін анықтап алуға тиіс. Екіншісі -инструменталдық агрессия, немесе өзін қорғау үшін, басқаларды зөбірлеуге қолданатын әрекеттері. Бүл қасиеттің көрініс беруі сегіз формада болуы мүмкін.

Агрессияны зерттеуге қолданылатын әдістемелердің бірі Басса-Дарки сауалнамасы. Бүл әдістеме көмегімен агрессияның орын алуын және оның түрін, көрініс беру формасын диагностикалауға болады. Әрине бұл әдіс басқа да тәрбие әдістерімен тығыз байланысты жүргізілуі тиіс.

Ассоциативтiк ес көлемiн анықтау әдiстемесi

Мақсаты: балалардың ассоциациясының көрiнiс беруiн және ассоциация бойынша есте сақтау механизмiнiң қалыптасқанын анықтау.

Зерттелiнушiлерге тестi орындау тәртiбi түсiндiрiледi:" Мен сөз сөз тiркестерiн жұптастырып оқимын. Мысалы :"трактор - дала". Ал сiздер оқылған сөздердi жақсылап тыңдап, әр сөздiң екiншi сөзбен қандай белгi бойынша жұптастырылғынын, олардың бiр- бiрiмен байланысын түсiнiп есте сақтаңыздар. Сөз тiркестерiн оқимын. Ал сiздер сөз жұптарының екіншiсiн естерiңiзге түсiріп, оның жауабын параққа жазыңыздар. Мысалы: мен "трактор" деген сөздi оқығанда сiздер оның жұбы "дала" деген сөздi жазасыздар".

Тапсырмалар

1.Жаңа- үй 11.Мәдениет- кiтап

2.Құрыш- экватор 12.Күндiз-азан

3.Кеш- түн 13.Стол- журнал

4. Машина- дөңгелек 14.Даналық- оқу

5.Су- құбыр 15.Қоңырау- сабақ

6.Есiк- терезе 16.Сәуле- дыбыс

7.Шу- тыныштық 17.Мереке- би

8.Қатынас- тiл 18.Ақша- киiм

9.Материал- ағаш 19.Спорт- күрес

10.Қате- жазу 20.Мәскеу- қала.

Бағалау шкаласы. Дұрыс жазылған сөздер (+) белгiленедi. Қалып кеткен және басқа сөзбен жаңғыртылған сөз жұптары дұрыс жауапқа есептелiнбейдi.

15 және одан көп (+) - ассоциативтiк ес көлемi жақсы;

10 - 14 - орта;

1 - 9 - төмен.

Жеткiншектердiң психикалық қасиеттерiн дамыту үшiн ең алдымен олардың өзiндiк даму ерекшелiктерiн айқындап болған соң олардың қалыптасу деңгейiне қарай тапсырмалар мен тесттердi, жаттығуларды орындау арқылы дамытуға болады. Мысалы, ойындар ойнату, психикалық қасиеттiр айқандау жаттығулары олардың белгiлi бiр дағдыларының қалыптасуына мүмкiндiк туғыжады. Сондықтан бiз психологтар ұсынған бiрқатар жаттығулар мен тесттердi қарастырайық. Соның бiрi: жеткiншектердiң таным процестерiн зерттеу және сөздер қатарын есте сақтау әдiстемесi. Оны сөздiк тестердi вербалдық интеллектiнi зерттеу әдiстерi деп те атайды.

Мақсаты: қысқы және ұзақ мерзiмдi есте сақтау қабiлетiн бағалау және вербалдық интеллектiн дамыту.

Барлық вербалдық тестердi қолдану барысында балаларға бiрнеше қосымша тапсырмаларды орындату арқылы олардың интеллектуалдық қабiлетiн дамыту жұмысы жүргiзiледi. Ұсынылып отырған тестi орындау барысында баланың шығармашылық қабiлетiн дамытуға үдкен мән берiледi.

Балаларға тапсырмалардыорындауға арналған 6-ға бөлiнген бiр парақ қағаз таратылады. Оның әрқайсына тапсырмадағы сөдер қатарымен орындалатын операциялардың бiреуi толтырылада да, жауап парақ сол сәтте психологқа қайтарылып берiледi. Әр қатардағы сөздермен алты тапсырма орындалады. Оқушыларға тестi орындау тәртiбi түсiндiрiледi:" Қазiр мен сөздер қатарын асықпай оқимын. Ол создердi сол ретiмен есте сақтаңыздар. Бiр сәт өткеннен соң мен белгi беремiн, ал сiздер естерiңiзде қалған сөздердi берiлген парақтың бiрiншесiне жазып, оны маған тапсырыңыздар".

Орындау ережесi түсiндiрiлгеннен соң келесi тәртiп бойынша жүргiзiледi. Қағазға жазылған 15 сөз бiр рет асықпай, анық оқылады. Бiр- екi секунд өткеннен соң балалар сөздер ретiн бұзбастан бiрiншi параққа жазып бередi. Бұл бiрiншi тапсырма. Оны орындау нәтижесi балалардың қысқа мерзiмдiк ес көлемiн көрсетедi.

Бiрiншi тапсырма:

1- шi вариант:

(Бiрiншi тапсырма ретiнде келесi сөздер қатарын қолдануға болады)

1. Май; 2.Қол; 3. Шар; 4.Ой; 5. Күн;

6. Киiм; 7.Мезет; 8. Күмiс; 9. Аяқ; 6. Бет;

11. Қоян; 12.Балық; 13. Мұрын; 14. Мата; 15. Жыл.

2- шi вариант:

(Жоғарыда айтылған тәртiп боцынша тапсырманы екiншi рет орындатуға болады)

1. Сөз; 2. Мұрын; 3. Бас; 4. Шкаф; 5. Мыс;

6. Көйлек; 7. Сабын; 8. Құлақ; 9. Түлкi; 10. Ай;

11. Балға; 12.Сағат; 13. Асхана; 14. Шеге; 15.От.

Екiншi тапсырма

Бiрiншi тапсырманы орындап болғаннан соң зерттелiнушiлермен ауа райы т.с.с. мәселелер бойынша әңгiмелесу жүргiзiледi.Бұл тәсiл балалардың көңiлiн тапсырмадан басқа нәрсеге аудару үшiн қолданылады.

10 минут өткеннен соң екiншi параққа алдында оқылған сөздердiң есте қалғандары қайта жаңғыртылып жазылады. Бұл екiншi тапсырма. Оның көмегiн ұзақ мерзiмдiк ес көлемiн өлшеуге болады.

Бағалау шкаласы 1: ( ес көлемiн бағалау)

9 және одан көп сөздiң ретi бұзылмаған- жоғары;

5-8 - орта;

1-4 - төмен.

Қорытындылау барысында сөздер саны және олардың ретi сақталғаны ескертiледi. Ес колемi өлшенгеннен соң интеллектi зерттеуге және дамытуға арналған тапсырмалар орындатылады. Оның нәтижесiн бағалау келесi шкала бойынша жүредi.

Бағалау шкаласы 2 : (интеллектуалдық дамуын бағалау)

Тапсырмаларды толық және мағыналы орындаған- жоғары;

Төрт- бес тапсырманы орындаған - орта;



Тек бiрiншiден үшiншiге дейiн орындаған - төмен.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6


База данных защищена авторским правом ©coolnew.ru 2017
обратиться к администрации

    Главная страница
Контрольная работа
Курсовая работа
Теоретические основы
Общая характеристика
Лабораторная работа
Методические указания
Теоретические аспекты
Дипломная работа
Федеральное государственное
Пояснительная записка
Рабочая программа
Методические рекомендации
История развития
Общие сведения
Практическая работа
Физическая культура
Теоретическая часть
государственное бюджетное
Основная часть
Краткая характеристика
государственное образовательное
квалификационная работа
Выпускная квалификационная
Практическое задание
Направление подготовки
Современное состояние
Методическая разработка
образовательное бюджетное
теоретические основы
Самостоятельная работа
бюджетное учреждение
Финансовое планирование
Название дисциплины
история возникновения
Теория государства
Организация производства
Гражданское право
Российская академия
Учебное пособие
Общая часть
Конституционное право
История возникновения
Правовое регулирование
истории развития
Экономическая теория
Организационная структура
Производственная практика
Экономическое содержание
Административное право
Уголовное право
Финансовое право