Кіріспе курстық жұмыс өзектілігі


Жасөспірімдердің дамуындағы қарым-қатынастың рөлі



страница5/6
Дата27.11.2018
Размер246 Kb.
Название файлакурс 5.docx
1   2   3   4   5   6
1.2. Жасөспірімдердің дамуындағы қарым-қатынастың рөлі.

Жеткіншектік шаққа аяқ басқан баланың жеке басының қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады. Осының арқасында бала мен ортаның арасындағы бұрынғы қатынас өзгереді. Жеткіншектің жеке басындағы басты және өзіне тән жаңа құрылым оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы болады. Ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуғы және өзіне жұрттың осыла деп қарауына ұмтылады. Ересектік сезім деп аталатын бұл ерекшеліктің өзіне тән белгісі жеткіншек өзін балалар қатарынан шықтым деп санайды, бірақ төңірегіндегілер менің ересек болғанымды таныса деген қажетсіну бар болғанымен онда шынайы, толық ересенктікті сезіну болмайды.

Ересектік сезім дене дамуы мен жыныстық толысудағы ілгірілушіліктерді ұғынып, бағалаудың нәтижесінде шығуы мүмкін, бұларды жеткіншек анық сезінеді және оны өз ұғымында да обьективті түрде неғұрлым ересек етіп көрсетеді.

Осы жас кезеңiнiң ерекщелiктерiн ата-аналар, мектеп мұғалiмдерi, сынып жетекшiсi, басқа да жеткiншектiң айналасындағылар жақсы түсiнетiн болса, барынша төзiмзiк көрсетiп, түсiнушiлiк бiлдiрсе, балалар жас қиындығын оңайырақ көтередi.

Сонымен, жеткiншек жастың ерекшелiктерi:

- барлық нәрсенi өз бетiмен орындап, үлкендердiң қамқорлығы мен ақыл-кеңесiнен құтылғысы келедi;

- үйге берiлген тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзiмен түсiнiктi етiп айтуға тырысады;

- үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап-мiнеп, кей кезде өрескiл мiнез көрсетуi, жеткiншек iстi игеру жағынан әлi бала болса, ал талап қою жағынан ересек, өз мүмкiншiлiгiн жоғары бағалап, бәрiн өзi iстей алатындай сезiнуi;

Жеткiншектердiң қырсық мiнез көрсетуiне, ересектер талабын оңай орындамауына негiз болатын бiрнеше себептер бар. Олар:

Балалардың оқудан басқа айналысатын шаруасының болмауы.

Радио, теледидар, басқа да ақпарат көздерiнен ересектерге арналған хабарды көрiп, соған елiктеуi.

Күнi-түнi фантастикалық және криминалистикалық әдебиеттердi оқып, ондағы кейiпкерлерге елiктеуi.

Өздiгiнен үлкен балалармен танысып, солардың жағымсыз әрекеттерiне елiктейтiндiгi.

Агрессияның анық байқалуы.

Жеткіншектің жаңа құқықтарға ие болмақ тілегі ең алдымен ересектермен қарым-қатынастың бүкіл саласын қамтиды. Жеткіншек бұрын ынталана орындайтын талаптарға қарсыласа бастайды: өзінің дербестігін тежегенге және жалпы алғанда «кішкентай бала секілді » қамқорлық жасап, бағып — қаққанға, бақылағанға, тіл алуды талап етіп, жазалағанға т.б ренжіп қарсылық көрсетеді. Ересектермен қарым-қатынастың балалық кезде болған типі жеткіншек үшін енді қолайсыз, оның өзінің ересектік дәрежесі туралы түсінігііне сәйкес келмейтін болады. Ол ересектердің құқықтарын шектейді да өз құқықтарын ұлғайтады, өзінің жеке басымен адамдық қадыр-қасиетін құрметтейді, сенім білдіріп, дербестік берілуін, яғни ересектермен айқын тең құқықтылықты талап етіп, оларға мұны мойындаттыруға тырысады. Жеткіншектің ересектігі сезімнің және төңірегіндегілердің оны мойындауын қажетсінуінің пайда болуы ересек пен жеткіншектің бір бірімен қарым-қатынастарындағы құқықтарының мүлдем жаңа мәселесін туғызады.

Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы мен ерекше орнын айқындайтын жай сол, нақ осы уақытта ересек адам баланың қарым-қатынасының балалық шаққа тән типінен ересек адамдардың қарым-қатынасына тән, саналық тұрғыдан жаңа типіне өтуi жүзеге асады.

Ересектермен қарым-қатынастың жаңа нормалары жеткіншектің қалыптасып келе жатқан этикалық дүниетанамының маңызды мазмұны.

Егер ересектің өзі бастамашылдық білдірсе, немесе жеткіншектің талаптарын ескеріп, оған деген қарым-қатынасын қайта құрса, қарым-қатынастардың жаңа типіне өтудің сәтті формасы жеткіншекке әлі бала деп қарамау болмақ.

Жеткіншек кезеңнің басында егер ересек адамда жеткіншекке әлі бала деп қарайтын көзқарас сақталатын болса, қарама-қарсылықтар тууы мүмкін болатын жағдай қалыптасады. Әлгіндей көзқарас бір жағынан тәрбиелеу міндеттеріне қайшы келіп, жеткіншектің әлеуметтік есеюінің дамуына кедергі жасайды, ал екінші жағынан, жеткіншектің өзін ересекпін деп санайтын түсінігі мен оның жаңа құқықтарды талап етуіне қайшы келеді. Міне, нақ осы қайшылық ересек пен жеткіншектің қарым-қатынысындағы талас-тартыстар мен қайшылықтардың көзі болады. Талас тартыстар мен қиыншықтар жекіншектің құқықтары мен дербестігінің сипаты туралы олардың түсініктерінің үйлеспеушілігінен келіп шығады.

Ересектің қарсылығы жеткіншектің тіл алмау қарсыласудың алуан формалары түріндегі жауап қарсылыққа кезігеді. Бұл қарама-қарсы тенденциялардың болуы мен бір-біріне қарсылық қақтығыстар туғызады. Ересек адам өз көзқарасын өзгертпесе олар жиылып, жеткіншектің қарсыласуы барған сайын табанды бала түседі. Мұндай жағдай сақталатын болса, бұрынғы қарым-қатынастарды бұзу бүкіл жеткіншектік кезеңге созылып, әдетке айналған талас тартыс формасын алуы мүмкін. Бағынбау мен қарсыласудың әр түрлі формалары арқылы жеткіншек ересектермен бұрынғы «балалық» қарым-қатынастарды бұзады да, болашағы бар жаңа «ересек» қатынастарды орнатады. Талас тартыс ересек адам жеткіншекке деген көзқарасын өзгертпегенше жалғасуы мүмкін.

Жасөспірімдерге психологиялық қызмет көрсету барысында бұл жас кезеңінде орын алатын мінез ауытқуларының түбірі кіші мектеп және жеткіншек жас кезеңдерінде жатқанын ескере отырып, ең алдымен олардың психологиялық сферасының дамуында қарама – қайшы келетін себептер анықталады. Ол себептерді ортақ көрсеткіштері бойынша топтастырып талдауға болады.

1. Жасөспірімдердің барлық психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша дамуының аяқталмағандығы;

- өзінің сыртқы көрінісін менсінбеуі, сұлу емеспін деп сезінуі;

- эмоционалды сфераның тұрақсыздығы;

- жүйке жүйесі функциялары әлі қалыптасу үстінде болуы;

- ситуативті мазасыздану дәрежесінің тұрақсыздығынан дискомфортты сезінуі.





Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6


База данных защищена авторским правом ©coolnew.ru 2017
обратиться к администрации

    Главная страница
Контрольная работа
Курсовая работа
Теоретические основы
Общая характеристика
Лабораторная работа
Теоретические аспекты
Методические указания
Дипломная работа
Федеральное государственное
Пояснительная записка
Рабочая программа
Методические рекомендации
Основная часть
История развития
Общие сведения
Практическая работа
государственное бюджетное
Теоретическая часть
Физическая культура
Выпускная квалификационная
квалификационная работа
Краткая характеристика
государственное образовательное
Направление подготовки
Современное состояние
Практическое задание
Российская академия
Методическая разработка
История возникновения
теоретические основы
Самостоятельная работа
образовательное бюджетное
Название дисциплины
бюджетное учреждение
Финансовое планирование
история возникновения
Организация производства
Конституционное право
Правовое регулирование
Теория государства
Общая часть
Учебное пособие
Гражданское право
истории развития
Политические партии
Технология производства
концепции личности
основная часть
Организация работы
прохождении учебной
Антикризисное управление