Кіріспе курстық жұмыс өзектілігі



страница1/6
Дата27.11.2018
Размер246 Kb.
Название файлакурс 5.docx
  1   2   3   4   5   6

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс өзектілігі. Жалпы білім беретін орта мектептерде тәрбие жұмыстарын одан әрі жетілдіру, оқушылардың тәртіп бұзушылығын болдырмауды алдын алудың формалары мен әдістері белгіленген. Әрине, жекелеген оқушылардың қоғамға жат мінез-құлықтар көрсетуі және заң тәртібін бұзуы, мектеп және жұртшылықтың тәрбие жұмыстарынан кеткен кемшіліктерден.

Мінезінде өзгерісі бар балаларды қайта тәрбиелеу, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау және заң нормаларын ұстау, оқушылардың күнделікті әдет-дағдыларына сіңіру мемлекеттік міндет ретінде қарастырылып отыр. Бұл істі шаруашылық, әкімшілік йымдар, қоғамдық ұйымдар, мектептер мен отбасылардың бірлесе отырып атқаруы қажет.

Мінезінде ауытқушылығы бар балаларды тәрбиелеу мәселесі мұғалімдердің, ғалымдардың, педагогтардың, психологтардың әрдайым назарында. Ал елімізде оларды тәрбиелеумен бірнеше ондаған арнаулы мектеп-интернаттар айналысады. Өйткені, мектептердің оқушылар ұжымында балалардың осындай арнаулы категориялары әлі де кездесіп қалып отырады. Мінезінде өзгерісі бар балалар қатарына психикалық дамуы уақытша баяулаған тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез-құлқында психопатиялық формалар кездесетін, кейде ашулары «қайнағанда» дәрі-дәрмек беру арқылы қозу күйін тежейтін балалар жатады. Осындай оқушыларға педагог тарапынан гуманистік қасиеттер мен этикалық талап тілектер қоя білетін педагогтік шеберліктер қажет.

«Қиын» балаларды қайта тәрбиелеу мәселелері жаңадан ғана қаралып отырған проблема емес, революциядан бұрынғы орыс және шетелдік педагогикалық ойлардың қайраткерлерінің бірі П.Г.Бельский, А.Богдановский, А.Я.Герд, Д.А.Дриль, Д.Р.Тальберг, А.А.Фидлер және т.б.

20-30 жылдары құқық бұзушы және баспанасыз қалған балалардың проблемасын қолға алып, зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады. Бұл мәселелермен еліміздің аса көрнекті педагогтері мен психологтары НК.Крупская, С.А.Макаренко, С:Т:Шацский, А:С:Выготский т.б.шұғылданды.

30-50 жылдар аралықтарында объективтік жағдайларға байланысты тоқтап қалып, тек 50-60 жылдардан кейін ғана қиын балалар мәселелерімен шұғылданушылардың ғылыми еңбектерінде В.А.Сухомлинский, Л.С.Славина, Г.П.Медведев, Л.М.Зюбин, Э.Г.Костяшкин, Г.А.Уманов, М.А.Невский, З.И.Шыныбеков, В.В.Трифонов, Р.К.Мәмбетова, Л.К.Керімов т.б. жарық көре бастады. Бұл ғалымдардың зерттеу жұмыстарының дәлелдеуінше, «қиын» балалардың пайда болуына үш фактор себеп болады:

Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс-талас, дау-жанжал баланың психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, маскүнемдік, ата-ананың біреуінің болмауы т.б. жағдайлар себепші болған;

Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда кеткен кемшіліктер, яғни жекелеген оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін, ынта-ықыласын, қызығушылығы мен талап-тілегін ескермеу мүмкіндік берген;

Жұртшылықтың тәрбие процесіне толық көңіл аудармауынан, яғни балалардың тұратын ықшам аудандарында әр түрлі үйірме жұмыстары мен спорт секцияларына тиянақты тартылмауы, бос уақыттарын дұрыс ұйымдастырылмау салдары да негіз болған.Мінезінде ауытқушылығы бар балалардың жекелік ерекшеліктерін өмір жағдайымен, тәрбие мен өзара әрекеттігін есепке алып, кешенді құрама түрінде зерттеп, іске асырған П.П.Блонский болды. Оның зерттеуінің негізгі мақсаты балалардың өмірін анықтау. Ол жасөспірімдердің мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Бұл балаға, жасөспірімге былайша мінездеме береді: объективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы мынандай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне байланысты, ал субъективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы мынадай , онымен мұғалімдерге жұмыс істеуге қиын, мұғалімнен көп жұмысты істеуді оқушы «істі бүлдіруші» оқушыларға толыққанды мінездеме беріп отырып, П.П.Блонский өз жұмыстарында мектепті, сыныпты ұйымдастыруға баса көңіл бөледі. Оның пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады.

Көп жылдық оқу мен бақылау негізінде И.А.Невский қиындықпен тәрбиеленетін баланың пайда болуын, балалар мен отбасында, мектепте жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен, кемеліне жетпеген педагогикалық практика нәтижесінен деп түсіндірді. Әрі қарай ойын былай көрсетеді: «бұл қыңыр құбылыспен күресу бағытының шешімі мұғалімнің тиімді әдістерді меңгеру қабілетіне қарай емес, сол әдістерді дұрыс пайдаланып, дұрыс игеруіне негізделеді.





Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6


База данных защищена авторским правом ©coolnew.ru 2017
обратиться к администрации

    Главная страница
Контрольная работа
Курсовая работа
Теоретические основы
Общая характеристика
Лабораторная работа
Теоретические аспекты
Методические указания
Дипломная работа
Федеральное государственное
Пояснительная записка
Рабочая программа
Методические рекомендации
Основная часть
История развития
Общие сведения
Практическая работа
государственное бюджетное
Теоретическая часть
Физическая культура
Выпускная квалификационная
квалификационная работа
Краткая характеристика
государственное образовательное
Направление подготовки
Современное состояние
Практическое задание
Российская академия
Методическая разработка
История возникновения
теоретические основы
Самостоятельная работа
образовательное бюджетное
Название дисциплины
бюджетное учреждение
Финансовое планирование
история возникновения
Организация производства
Конституционное право
Правовое регулирование
Теория государства
Общая часть
Учебное пособие
Гражданское право
истории развития
Политические партии
Технология производства
концепции личности
основная часть
Организация работы
прохождении учебной
Антикризисное управление